Теннис • 31 Мамыр, 2021

Теннисшілердің «Ролан Гаррос» турнирі басталды

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парижде «Үлкен дулыға» санатындағы жарыстардың бірі – «Ролан Гаррос» басталды.  Жүлде қоры 34 367 216 евроны құрайтын турнирде Қазақстанның бес теннисшісі бақ сынауда, деп хабарлайды Egemen.kz.

Теннисшілердің «Ролан Гаррос» турнирі басталды

Жарыстың алғашқы күні қос жерлесіміз өнер көрсетті. Әлемнің 24 ракеткасы Елена Рыбакина франциялық Эльза Жакемомен кездесті. WTA тізімінде «ТОП-500» ойыншының қатарына әзер еніп отырған 18 жасар ару тәжірибелі теннисшіге айтарлықтай қарсылық көрсете алған жоқ. 1 сағат 12 минутқа созылған бәсеке 6:4, 6:1 есебімен аяқталды. Келесі айналымда Рыбакина үздіктер тізімінде 82 сатыға жайғасқан жапониялық Нао Хибиномен шеберлік байқасады.

Өкіншке қарай, Михаил Кукушкин алғашқы айналымнан аса алмады. Үш сеттік сайыста ол испаниялық Алехандро Давидович-Фокинаға есе жіберді – 4:6, 4:6, 3:6.

Бүгін Александр Бублик ресейлік Даниил Медведевпен, Зарина Диас ұлыбританиялық Хизер Уотсонмен және Юлия Путинцева тунистік Онс Жабермен кездеседі.