«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері «КамАЗ-5320» автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі басты жолмен, ал «Волга» автокөлігінің 67 жастағы жүргізушісі екінші дәрежелі жолмен келе жатқанын анықтады. «Волга» жүргізушісі «КамАЗ» жүргізушісіне жол бермей, төтенше жағдай тудырған. Соның салдарынан «КамАЗ» жүргізушісі соқтығысуды болдырмау үшін қарсы қозғалыс жолағына шығып, аударылып кеткен», деді баспасөз қызметіндегілер.
Оқиға салдарынан «Волга» автокөлігінің жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді.
«Волга» автокөлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік өндіріс қозғалады. Сондай-ақ «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісіне келтірілген материалдық залалды өтеу мәселесі жүргізушілер арасында азаматтық тәртіпте шешіледі.