Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Демалыс орындарына қалай кіруге болады?

934 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралуы бойынша «жасыл аймақта». Десе де сақтанған жөн. Әсіресе жаз айларында халық өзен-көлдердің жағалауындағы демалыс базаларына көп шоғырланады. Індеттің таралу қаупі де артады. Қалай дегенмен, санитарлық дәрігер бекіткен бірқатар ережені есте ұстаған жөн.

Демалыс орындарына қалай  кіруге болады?

Жуырда өткен баспасөз кон­­ферен­циясында облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәріге­рінің жазғы маусымда демалыс орындарының жұмыс істеу тәртібін бекітетін қаулысының ережелері түсіндірілді. Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақов жыл басынан бері жазғы маусымға дайындық аясында кәсіпкерлерден келушілерге ПТР анықтамасынсыз қызмет көрсету туралы көптеген өтініш келіп түскенін айтты.

Кәсіпкерлердің ұсыныстары бойынша жазғы маусымда турис­терді орналастыру орындары жа­ңа форматта жұмыс істейтін болады. Оны кәсіпкерлердің өздері ұсын­ған. Енді Үржар, Катонқарағай және Алтай аудандарының барлық демалыс базасында Ashyq жүйесі орнатылуы тиіс. Жүйе бо­йынша «көк» және «жасыл» дең­гейдегі демалушылар демалыс базасына кіре алады. Сонымен қатар демалыс орталықтарына коронавирусқа қарсы вакциналау төлқұжатын көрсеткен азаматтар да жіберіледі.

– Туристік-рекреациялық ай­мақтарда демалғысы келетін адамдар теріс нәтижесі бар ПТР- тестілеу туралы немесе Covid-19 ін­детіне қарсы вакци­налау­дың толық курсын алғанын растайтын құжаты болуы керек. Демалыс база­сында интернет істемей, Ashyq қосымшасын іске қосу мүм­­кін болмаса да, сапардан бұ­рын үйден шықпай-ақ өзіңізді тек­серіп, демалыс орнына жеткен соң сол ақпаратты ұсынуға болады, – дейді облыстық санитарлық-эпи­демио­логия­лық бақылау депар­таменті басшы­сының орынбасары Ғалымбек Алин.

Оның айтуынша, «сары» және «қызыл» мәртебесі бар демалу­шы­ларға туристік-рекреациялық аймақтарға кіруге рұқсат жоқ. Бұл коронавирус таралуының ал­дын алу үшін істеліп жатқан шара екені түсінікті. Демалыс орын­дарында әлеуметтік ара қа­­шықтықты сақ­тау үшін бел­гілер де жасалады. Ережеде көр­сетілгендей, жаға­жайда демалу­шылар 1,5 метр қа­шық­тық­ты сақ­таулары керек екен. Ал көп­шілік жиналатын орын уақы­­тымен дезинфекцияланады.

Облыстық кәсіпкерлер пала­та­сының директоры Қайрат Ма­мыр­баевтың айтуынша, Ала­көлдің жағалауында 188 демалыс орнының 153-і аумақтық са­­ни­­­тарлық-эпидемиялық бақы­­лау басқармасының қоры­тындысын алды. 9 демалыс базасы Ashyq жобасына қосылды. Алтай ауданында 102 демалыс орнының тек екеуі ғана Ashyq қосымшасы бо­йынша QR-код алуға өтінім бер­ді. Ал Катонқарағай ауданында 23 ба­за­ның біреуі ғана QR-код алмақ.

Туризм және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Марат Қабақовтың айтуынша,
17-20 мамыр аралығында Ала­көлдің жағалауында кешенді жұ­мыс тобы санитарлық-эпи­демия­лық, өрт қауіп­сіздігі, қо­ғам­дық тәртіпті сақ­тау, судағы қауіп­сіздік бойынша мониторинг жасап, тү­сіндіру жұ­мыс­та­рын жүргізді. Шо­мылу мау­сы­мында алты адамнан тұ­ратын құт­қарушылар және 2 ав­­то­көлік пен жүзу құралдары жұ­мыл­дырылады.

– Жағалау сызығының бойында 4 бақылау орны бар. Енді су айдындарындағы қауіпсіздік қағи­даларының талаптарына сәйкес қажетті жабдығы бар құтқару беке­тін орнату жоспарда бар. Киім ауыс­тыру үшін қосымша 15 кабина ор­нату, 100-ге жуық қоқыс кон­тейнерлерін сатып алу ойда бар, – дейді Марат Қабақов.

Үржар ауылындағы әуежайдың уақытша жабылуына байланысты Нұр-Сұлтан, Алматы, Өскемен, Семей қалаларынан Алакөлге бағыт алған пойыз вагондарының саны артты. Барлығы 3 330 орын­дық 69 вагон іске қосылып, аптасына 3 рет жөнелтілетін болады. Сонымен қатар автобустар саны екі есе артты. Жазғы маусымда күн сайын 768 орындық 16 автобус іске қосылады. Қазіргі уақытта кешенді жұмыс тобы Бұқтырма су қоймасы мен Сібе көлдерінің жаға­лауларын тексеру үстінде.

 

Шығыс Қазақстан облысы