«Бір адам екі реттен артық ауыл әкімі бола алмайтынын маңызды ереже деуге болады. Сонымен бірге әкім партияға мүшеліктен айырылса, жергілікті мәслихат сенімсіздік танытқан жағдайда немесе Мемлекеттік қызмет туралы заңмен байланысты өзге де проблемаларға тап болса, өз лауазымын тапсыруға мәжбүр болады», деді Президент әкімшілігінің өкілі.
Айта кетейік, сайлауға жасы 25-тен асқан кез келген Қазақстан азаматы кандидат ретінде қатыса алады.