«Жалпы республика бойынша коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылық көрсеткіші азаюда. Соңғы аптада КВИ жұқтырғандар саны 15 мыңнан 12 мыңға дейін (21 пайызға) төмендеді. Жалпы, соңғы айда ауру 1,6 есеге азайды», деді Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.
1 маусымдағы жағдай бойынша республика бойынша инфекциялық төсектердің 28 %-ы, реанимациялық төсектердің 24 %-ы науқастармен толықты.