Оқиға • 01 Маусым, 2021

Қызылордада жанармай таситын көлік өртеніп кетті

291 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында сақтаулы тұрған 6 тонна дизель отыны мен 4 тонна АИ-92 маркалы бензин жанып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қызылордада жанармай таситын көлік өртеніп кетті

Ірі өрт оқиғасы кезінде 1992 жылы туған ер азаматты күйік шалып, жансақтау бөліміне жатқызылған.

Куәгерлердің айтуынша, әуелі үй ауласындағы жанар-жағармай тасымалдайтын көлікті қызыл жалын шарпыған. Артынша тілсіз жау ірі көлемде жанармай тұрған сарайды да жалмаған. Өртті сөндіруге 15 техника мен төтенше жағдай департаментінің 52 қызметкері жұмылдырылған. Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі мен шығындары анықталуда.

«Өрт қауіпсіздігі талаптары сақталмауынан осы өрт оқиғасына ұласып отыр. Негізі тұрғын үйлерде тез жанғыш жанар-жағармай сақтауға қатаң жауапкершілік қаралады. Оған байланысты қазіргі таңда тергеу амалдары жүріп жатыр», дейді «Өрт сөндіру және авариялық құтқару қызметі» ММ басшысы Нұрсұлтан Ибрагимов.