Оқиға • 01 Маусым, 2021

Ақтауда суға кеткен серфингші әйел құтқарылды

283 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Каспий теңізінде серфинг тақтасымен жүзген әйел адам құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда суға кеткен серфингші әйел құтқарылды

Ақтауда серфинг тақтасымен теңізде жүзген 40 жастағы әйел жағалаудан 300 метр қашықтықтап кетіп, қайта орала алмаған. Әбден әлсіреп, толқынға қарсы жүзуге шамасы келмеген келіншекті құтқарушылар судан аман-есен алып шықты.

Медициналық көмек қажет етілмеген.