Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодар облысында жол апатынан бір адам қаза тапты

Павлодар облысы полиция департаментінің мәліметінше, 31 мамырда сағат 23:10-да Павлодар ауданы Луганск ауылының жанындағы «Ефремовка-Луганск» автожолының 10 шақырымында «Тойота Естима» автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, кюветке аударылып кеткен. 

- Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Сараптама тағайындалды, - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полиция атап өткендей, автокөлік айып тұрағына қойылды. Тексеру жүргізілуде.