Қоғам • 01 Маусым, 2021

Атырауда жүрген 9 шетелдік елден шығарылды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау көші-қон заңдылығын бұзып жүрген 9 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Атырауда жүрген 9 шетелдік елден шығарылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, «Мигрант» жедел іс-шарасы кезінде көші-қон заңнамасын бұзудың 419 дерегін анықталыпты.

«Оның ішінде 229 шетелдік ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының көші-қон заңдылығын бұзғаны үшін сот шешімдерімен Өзбекстан Республикасының 8, Ирландия елінің 1 азаматы Түркістан облысындағы «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекеті арқылы елден шығарылды. Өзбекстан Республикасының 108 еңбек мигрантына жұмыс істеу үшін берілген рұқсат кері қайтарылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ Өзбекстан Республикасының 3 азаматы құжатсыз жүрген екен. Көші-қон қызметкерлерінің көмегімен Өзбекстан Республикасының елшілігі арқылы олардың төлқұжаты қалпына келтіріп, ел аумағынан шығару туралы шешім қабылдапты.