Тағайындау • 01 Маусым, 2021

Депутат жаңа қызметке тағайындалды

3491 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кентау қаласы әкімінің өкімімен қала әкімдігі аппаратының басшысы болып Амалбек Өміртай Дәркенұлы тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz Кентау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Депутат жаңа қызметке тағайындалды

Экономист Амалбек Дәркенұлы еңбек жолын 2017 жылы  ҚР Ұлттық экономика министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінде сарапшы болып бастаған. 

Ол 2018-2019 жылдары Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар коледжі директорының ақпараттық технологиялар және ішкі бақылау мәселелері бойынша директор орынбасары, 2019-2020 жылдары «Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы «Түркістан» АҚ-ның «Turkistan Invest» филиалы экспортты ілгерілету орталығының жетекшісі,  2020-2021 жылдары аралығында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Амалбек Дәркенұлы Түркістан облысы мәслихатының VII шақырылымының депутаты.