Қоғам • 01 Маусым, 2021

Ashyq қосымшасы қазақстандықты 2026 жастағы әйелге айналдырды

368 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ashyq қосымшасының қолданушысы қызық жайтқа тап болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ashyq қосымшасы қазақстандықты 2026 жастағы әйелге айналдырды

«Сіздер менің мыстан екенімді білдіңіздер ме», деп жазды Ranking.kz-тің басшысы Седрет Асетов өзінің оқырмандарына.

Қосымшада оның 2026 жастағы әйел адам екені көрсетілген.

«Ashyq, сен менің барлық сырымды аштың ғой. Шындығына келер болсақ, бұл жағдайдан екі ойға келуге болады: қосымшадағы кезекті қателік немесе жеке бас мәліметтерін беретін орталықтың дұрыс жұмыс істемеуі», деп жазды Седред Асретов.

Еске салайық, қолданушылар Ashyq қосымшасындағы ақауларға қатысты бірнеше рет шағым айтқан болатын.