Еске сала кетейік, биылғы турнирде қазақстандық хоккейшілер төрт мәрте жеңіске жетіп, үш кездесуде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Нәтижесінде жеті ойыннан кейін 10 ұпай жинап, турнир кестесінде 3-орынға жайғасты.
Кеше Норвегияны жеңген жағдайда Қазақстан құрамасы өз тарихында тұңғыш рет плей-офф кезеңіне жолдама алатын еді. Өкініштісі, аталған қарсыласына қазақстандық хоккейшілер 1:3 есебімен жол берді.
Соған қарамастан, бүгін Финляндия мен Канада құрамалары арасындағы кездесуде финляндиялық хоккейшілер негізгі кезеңде басым түссе, қазақстандықтар жарысты жалғастыру мүмкіндігіне ие болар еді. Алайда, Финляндия Канаданы буллитен 3:2 есебімен жеңді. Осылайша канадалықтар аталған ойында 1 ұпай алып турнир кестесінде Қазақстан құрамасының алдына шықты.