Президент • 01 Маусым, 2021

Қ.Тоқаев дербес сот төрелігінің тиімді тетіктерін енгізу керектігін айтты

271 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қ.Тоқаев дербес сот төрелігінің тиімді тетіктерін енгізу керектігін айтты

Президентке сот жүйесін реформалау барысы туралы ақпарат берілді.

Жақып Асанов Президентке «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңға биыл енгізілген өзгертулердің құқықтық және әлеуметтік әсері жайында баяндады.

Жоғарғы сот төрағасы жаңа Азаматтық процессуалдық және Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекстердің еліміздегі инвестициялық ахуал мен бизнестің дамуына оң ықпал ететінін атап өтті. Оның айтуынша, енгізілген түзетулер тұрақты әрі бірыңғай сот тәжірибесін қамтамасыз етеді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев дербес сот төрелігінің тиімді тетіктерін енгізуді, оның ішінде, шетелдік озық тәжірибелерді пайдалана отырып қамтамасыз етудің маңызды екенін айтты.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50