Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Солтүстік Қазақстанда жаппай бір ауыл уланып, ауруханаға түсті

2482 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бескөл ауылы тұрғындарының айтуынша, ауырып жатқандар көп. Кейбірі өздігінен емделіп жатыр. Ауру белгілері астан улануға ұқсас, дене қызуы көтеріліп, әлсіреп, құсады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстанда жаппай бір ауыл уланып, ауруханаға түсті

Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауылында 3-4 күн ішінде 100-ден астам тұрғын дәрігер көмегіне жүгінген. Барлығында ауру белгілері бірдей.

«Балалардың немен ауырып жатқанын білмеймін. Үйде қызым екеуіміз қалған едік, енді қызым да ауырып қалды. Жағдайы нашарласа жедел жәрдем қызметін шақырамын», дейді Бескөл тұрғыны. 

Санитариялық-эпидемиялық бақылау басқармасының мамандары ауыз судың сынамасын алды. Алайда әзірге нәтижесі дайын емес.

«28 мамырдан аудандық ауруханаға құсу, диарея, дене қызуының көтерілуіне шағымданған адамдар көбейді. Дәрігерлер 78 бала мен 36 ересек адамды қабылдады. Оларға энтеровирустық инфекция диагнозы қойылды. 10 науқас ауруханаға жатқызылды. Ауданда шұғыл түрде провизорлық орындар ашылды», дейді Қызылжар аудандық аурухана бас дәрігерінің міндетін атқарушы Жанар Кәкімова.

Бескөл ауылында тұрғындардың жаппай ауыруына қатысты облыстық прокуратура қылмыстық іс қозғады. Осы дерекке қатысты арнайы жұмыс тобы құрылып, істің мән-жайы анықталып жатыр.