Аймақтар • 01 Маусым, 2021

Алматы облысындағы 130 нысан енді туристерді қабылдай алады

174 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы облысындағы 130-ға жуық демалыс орнына туристер қабылдауға рұқсат етілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы облысындағы 130 нысан енді туристерді қабылдай алады

Алматы облыстық санитариялық-эпидемиялық бақылау департаментіндегі баспасөз қызметінің өкілі Әлия Шағиахмет: «Өңірдегі демалыс кешендерінің басым бөлігі Алакөл, Балқаш көлдері мен Қапшағай суқоймаларында орналасқан. Облыстық санитарлық-эпидемиялық бақылау департаментінің мамандары су айдындары мен топырақтардан алған зертханалық сынамалар барлық санитария талаптарына сай болып шықты. Сондай-ақ кәсіпкерлерге қалыптасқан санитарлық талаптарды сақтаудан бөлек «Ашық» қосымшасы арқылы жұмыс істеу ұсынылып отыр. Бұл аймақтағы эпидемиялогиялық ахуалдың тұрақтануына және демалыс орындарының туристердің денсаулығын қадағалап отыруға мүмкіндік береді», деп айтты.

Сондай-ақ ол алдағы уақытта «Ашық» қосымшасына жүктеп жатса өздеріне жақсы болатынын жеткізді.

«Қосымша арқылы келушінің статусын біле алады. Мысалы, қызыл статусты адам келіп жатса, ол ғимаратқа кіргізілмейді», деп түсіндірді.