Тұрғын үйдің ішкі алаңдық-инженерлік желілер мен абаттандыру құрылысын жүргізген мердігер көлік жолдарын сараптамадан оң қорытынды алған жоба бойынша жасайды. Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы №15 шағын ауданда орналасқан №16 тұрғын үйдің шатырын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. 19 ақпан күні болған дауыл салдары толығымен жойылды. Құрылыс нысандарының жобалық-сметалық құжаттамаларын әзірлеу барысында шатыр жабындысының құрылыс нормативтеріне сай орналастырылуы ескеріледі. Ал Тараз қаласы, Сүлейменов көшесінің соңындағы №15 шағын ауданда орналасқан №11 үй тұрғындарының шағымына орай, «Тараз қаласы, Сүлейменов көшесі аяғындағы 80 пәтерлік тұрғын үй құрылысы. №1 жер телімі, 3-ші нысаны» бойынша барлық құрылыс-монтаждау жұмыстары жобаға сәйкес жасалғанын хабарлаймын. Жертөленің құбыры, канализация жүйесінде орын алған жағдай тұрмыстық қалдықтардың құбырға түсуіне байланысты болған. «Жамбыл су» коммуналдық-мемлекеттік кәсіпорны тарапынан барлық ақаулар жойылды.
Жаңадан бой көтеріп жатқан шағын аудан болғандықтан, жаңа тұрғын үйлердің құрылысы да жалғасуда. Барлық құрылыс жұмыстары аяқталған соң, тұрғын үй араларына асфальт жабындысын төсеу бойынша жұмыстар атқарылатын болады. Қазіргі таңда көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысын жобалау кезінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кіріп-шығуына арналған талаптар – пандустар қарастырылмаған. Тұрғындардың өтініш хаттарына сәйкес пандус орнату мәселесі қарастырылады.
Төлеген БИБОСЫНОВ,
Тараз қалалық құрылыс бөлімінің басшысы