Айта кетейік, 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай қолға алынған бастамаға өңірдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті мұрындық болды.
Университеттің гуманитарлық факультеті деканының орынбасары Азамат Азатовтың айтуынша, панно портретке 3 мың рубик текшесі кеткен. Салмағы – 450 кило, биіктігі – 3,4 метр, ені – 2,8 метр. Оны 6 оқушы 8 сағатта жасап шығыпты.
«Бұған дейін «Қазақстан спидкубинг федерациясы» қоғамдық бірлестігі өкілдерінің 9 мамырда мерген қыз Әлия Молдағұлованың портретін рубик текшесінен жасағанын көрген едік. Сөйтіп Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күнінде қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейханның портретін жасату жайлы ой туды. Негізгі мақсат – Алаш ардақтысын өскелең ұрпаққа насихаттау», деді факультет деканының орынбасары.