Парламент • 02 Маусым, 2021

Сенат отырысының күн тәртібі қаралды

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата бюро­сының отырысы өтті. Онда депутаттар 2021 жылғы 3 маусымда өтетін Сенат отырысының күн тәртібін қарады, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Сенат отырысының күн тәртібі қаралды

Соған сәйкес, алдағы бейсенбіде сенаторлар «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы көші-қон саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын қарайды.

Бұл келісім көші-қон саласындағы екіжақты ынты­мақтастық үшін құқықтық негіз қалыптастыруды және заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл бойынша бірлесіп әрекет етуді көздейді. Қажет болған жағдайда тараптар анықталған көші-қон заңнамасының бұзушылықтары, заңсыз көші-қон жолдары, екі елдің аумағында заңсыз көші-қонды ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысы бар заңды және жеке тұлғалар туралы ақпарат пен мәліметтерді алмаса алады.

Сондай-ақ бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заң жобалары Сенаттың тұрақты комитеттеріне бөлініп берілді.