Коронавирус • 02 Маусым, 2021

Коронавируспен ауырған 609 адамның жағдайы ауыр

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде коронавируспен ауырған 609 адамның жағдайы ауыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавируспен ауырған 609 адамның жағдайы ауыр

ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 2 маусымдағы мәлімет бойынша, 26 137 адам коронавирус инфекциясынан (25 556 КВИ+ және 581 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 702 пациент стационарда жатыр, 16 435 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жүр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 609 адамның жағдайы ауыр, 139 пациенттің жағдайы өте ауыр, 84 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ 31 мамырдағы мәлімет бойынша елімізде 21 науқас көз жұмды. Оның 18-і коронавирус белгісі бар, ал үшеуінде симптом болмаған.