Ауа райы • 02 Маусым, 2021

2 маусымға арналған ауа райы болжамы

141 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» РМК 2 маусым күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2 маусымға арналған ауа райы болжамы

2 маусым күні Қазақстанның басым бөлігі циклонның ықпалында болады. Осыған қарай кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ жаууы да ықтимал.

Тек елдің солтүстігінде ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі.

Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз шаңды дауыл тұрып, бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысының кей жерлерінде желдің күші секундына 15-20 м/с-қа жетеді, түнде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады.

Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Батыс Қазақстан облысында да бұршақ жаууы мүмкін.

Күндіз Қызылорда, Жамбыл, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық болады.

Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Атырау, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде, Ақмола, Павлодар облыстарының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.