Аймақтар • 02 Маусым, 2021

Оралда несие беретін ғимаратқа шабуыл жасағандар ұсталды

226 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралдық полицейлер несие берумен айналысатын мекеме ғимаратына басып кірген екі күдікті азаматты ізін суытпай ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz қалалық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оралда несие беретін ғимаратқа шабуыл жасағандар ұсталды

«К» есімді азаматшаны пышақпен қорқытып, 50 мың теңгеден астам ақшасын жымқырып кеткен. Жәбірленуші «102» нөміріне хабарлама түсірген бойда патрульдік полиция қызметкерлері жедел қимылдап, 10 минут ішінде екі ер адамды ұстады. Олардың жасы 20-25 шамасында», дейді ПД баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты қарақшылық, яғни ҚР ҚК 192 бабының 2 бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.