Аймақтар • 02 Маусым, 2021

Батыстағы әскерилер дабылмен көтерілді

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдері дабылмен көтеріліп, жазғы оқу-жаттығу кезеңін бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батыстағы әскерилер дабылмен көтерілді

Өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ақтау, Ақтөбе және Атырау гарнизондарының әскери бөлімдердің жеке құрамы арасында мемлекеттік және құқықтық дайындық сабағы өтті. Содан соң әскери бөлімдердің жеке құрамы тактикалық-саптық жаттығуларын өткізу үшін дабылмен көтерілді.  

дд

«Өткізіліп жатқан шаралардың басты мақсаты – әскерлерді жауынгерлік-жедел басқару және басқару жүйесін жетілдіру. Біз жауынгерлік дайындық кезінде әскери бөлімдердің берілген тапсырманы уақытында орындау мүмкіндігін тексереміз. Осы уақытта әскери бөлімдерде жылжымалы және стационарлық командалық пункттер құрылып, байланыстың, коменданттық қызметтің барлық түрі ұйымдастырылады», дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығы жедел бөлімінің бастығы, полковник Талғат Кенжетаев.