Экология • 02 Маусым, 2021

Өскеменде жапырақтар сарғайып жатыр

350 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемендегі ағаш жапырақтары бір күнде сарғайып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өскеменде жапырақтар сарғайып жатыр

Қала тұрғындары бұған өнеркәсіптік кәсіпорындардың шығаратын зиян қалдықтары себеп болғанын айтады.

«Бұл газдан екеніне сенімдімін. Қараңызшы, ең көп зардап шеккен қайың, терек және шетендер, яғни әртүрлі топтағы ағаштар, сондықтан құрт, біте немесе аурулар бұған себеп бола алмайды», дейді қала тұрғыны Ольга Иванова.

Экологтар ағаштардың бұлай сарғайып кетуіне не себеп болғанын әзірге нақты айта алмай отыр.

«Біз сарғайған ағаштардың айналасындағы топырақты зерттедік, оның себебі көп болуы мүмкін, соның ішінде техногендік сипаттағы әсерлер де бар. Бірақ бұл нұсқаны растау үшін зертханалық зерттеулер қажет, онсыз бұл газдың әсері деп айтуға болмайды. Қазіргі уақытта біз фитоэкспертизаны жүргізе алатын зертхана іздеп жатырмыз», деді экологиялық қауіпсіздік орталығының маманы Елена Полянцева.