«Сотталушы Шыныбеков пен Спабекованың кінәлары толық дәлелденді. Сот Шыныбековті қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, мүлкін тәркілеумен бірге, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын белгіледі», деді Алматы қалалық №2 Бостандық ауданы сотының судьясы Теміржан Құдабаев.
Оқу орнының бұрынғы бас есепшісі Жанайым Спабекованың да мүлкі тәркіленіп, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
Судья үкімді оқыған соң барлық дәлелдердің мұқият зерттелгенін атап өтті.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков қаржыны иемдену немесе талан-таражға салу күдігі бойынша қамауға алынған еді.