Ауа райы • 02 Маусым, 2021

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлады Қазгидромет.

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

3 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертен тұман болады. Кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ жаууы ықтимал. Солтүстік-шығыстан жел соғады.

Петропавлда күндіз найзағай, дауыл болып, солтүстік-шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысында найзағай, дауыл, бұршақ және 35 градус ыстық күтіледі. Бесқарағай, Үржар аудандарында, Семей қаласында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі. Өскеменде күндіз 35 градус қатты ыстық болады.

3 маусымда Алматы облысында найзағай ойнайды. Кей жерлерде өте жоғары өрт қаупі сақталады. Күндіз 38 градус қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында да найзағай, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз 36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. 

Қостанай облысында күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. 

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл және күндіз  15-20 м/с жел болады. Сондай-ақ күндіз 40 градус қатты ыстық және өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында түнде және таңертең кей жерлерде найзағай күтіледі. 

3 маусымда күндіз Ақтөбе облысында да найзағай, оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с жетеді.