Аймақтар • 02 Маусым, 2021

Ақмола облысынан 4 мина табылды

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмолалық полицейлер өңір аумағынан табылған миналарды залалсыздандырды, деп хабарлайды Egemen.kz Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақмола облысынан 4 мина табылды

1 маусымда Жарқайың аудандық ПБ кезекшілік бөліміне жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік инспекторынан телефон хабарламасы түскен.

«Қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан бұрынғы әскери нүктенің аумағында учаскелік инспектор әскери минаға ұқсас цилиндр пішінді металл заттарды тапты. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы, Ақмола облысы ПД оқу-жаттығу взводының қызметкерлері шақырылды. Снарядтарды анықтау аумағы дереу қоршалды. Тексеру барысында мамандар баллистикалық зымырандарға арналған ескі шахталардан КСРО-ның танкке қарсы төрт минасын анықтады. Жалпы, миналар өте тозған, таттанған және механикалық істен шыққан», деді ведомстводан.

Алайда, мұқият тексеру кезінде екі минадан жарылғыш зат табылып, оларды тасымалдау қауп туғызды. Сол себепті, бұл миналар сол жерде залалсыздандырылды. Тағы екі снаряд әрі қарай сараптамалық зерттеуге жіберілді.