Ауа райы • 03 Маусым, 2021

3 маусымға арналған ауа райы болжамы

453 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Қазгидромет» синоптиктері маусымның 3-і күнгі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

3 маусымға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктердің болжауынша, 3 маусым күні Қазақстан территориясының басым бөлігінде оңтүстіктен келген циклон сақталады, осыған байланысты кей жерлерде найзағай ойнап жаңбыр жауады, бұршақ жаууы ықтимал.

Еліміздің батыс бөлігінің кей жерлерінде нөсер жауын жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, дауыл тұрады, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, солтүстігінде түнде және таңда тұман түсуі ықтимал.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады, жел 15-23 м/с жылдамдықпен соғады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Түркістан облысының таулы аймағында дауыл тұрады, күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с-қа дейін күшейеді.

Атырау облысының кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с жылдамдықпен соғады, күндіз екпіні 25 м/с-қа дейін күшейіп, кей жерлерінде дауыл тұрып, бұршақ жауады.

Күндіз Қызылорда, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Алматы облысының кей жерлерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында, Атырау, Қарағанды, Алматы, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қостанай, Павлодар облыстарының кей жерлерінде, Ақмола облысының жекелеген ауданында өте өрт қаупі сақталады.