Оқиға • 03 Маусым, 2021

«Бала TIME» кітап фестивалі өтті

665 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық балаларды қорғау күніне және «2021 – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылына» орай Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық академиялық кітапханада «Бала TIME» кітап фестивалі өтті.

«Бала TIME» кітап фестивалі өтті

1 маусым күні Мәдениет және спорт министрлігіне қарас­ты 92 кітапханада 160-тан аса іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ фестиваль аясын­да әлеуметтік желілерде белгі­лі қоғам қайраткерлері, әртіс­тер мен оқырмандардың қаты­суымен «Кітап оқып, рухани бай бол!» республикалық онлайн-челленджі өткізілген.

Балалар әдебиетінің кітаптар көрме-жәрмеңкесі, «Алтын са­па» сыйлығының лауреаты, бел­гілі этнодизайнер Ырза Тұр­сын­заданың тәлімгерлерінің қа­тысуымен «Көр­пе fest – 2021» ая­сында «Ата кәсібі – ба­ла нә­сібі» мега көрме-жәрмең­кесі де келушілер назарына ұсы­нылды. Сонымен қатар белгілі суретші-иллюстратор Қай­рат Жәйірбек пен танымал ди­зайнер Рахима Мұкышеваның жеке көрмелері таныстырылды.

Фестивальдің басты іс-ш­арасы  кітапхана жаны­нан «Бала TIME» балалар телеарнасының салтанатты ашылуы болып отыр. Сондай-ақ іс-шара барысында бірқатар белгілі автор мен жас дарынның жаңа кітаптарының тұсаукесері өтті.

Жиынға Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғи­са Дәуешов, Парламент Мәжі­лі­сі­нің депутаты Берік Әбді­ға­ли­ұлы, жазушы Баянғали Әлім­­жан, балалар жазушылары мен әдебиеттанушылар қатысты.