Спорт • 03 Маусым, 2021

Елена Рыбакина үшінші кезеңге шықты

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Парижде өтіп жатқан жүлде қоры 34 367 216 евроны құрайтын «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші кезеңіне шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елена Рыбакина үшінші кезеңге шықты

Тұсаукесер кездесуінде франциялық Эльза Жакемоның тас-талқанын шығарған жерлесіміз екінші айналымда Нао Хибиномен шеберлік байқасты. Әлемдік рейтингте 81 орында тұрған Жапонияның 26 жастағы теннисшісі Рыбакинаға лайықты қарсылық көрсете алмады. 1 сағат 03 минутке созылған сайыс 6:3, 6:1 есебімен аяқталды. Енді ол Елена Весенинамен күш сынасады. 34 жастағы Ресей теннисшісі көбіне-көп жұптық бәсекелерде сәтті өнер көрсетті. Атап айтсақ, 2013 жылы Ролан Гарроста, 2014 жылы АҚШ-тың ашық біріншілігінде және 2017 жылы Уимблдонда топ жарды. Кезінде үздіктер тізімінде 13 орынды иеленген Весенина бұл турнирдің тұсаукесер сайысында беларуссиялық Ольга Говарцоваға тізе бүктірсе, екінші кезеңде чехиялық Петра Квитовамен кездесуге тиіс еді. Алайда ол жарақатына байланысты кортқа шыққан жоқ. 

Сондай-ақ бүгін Зарина Диас әлемнің 15 ракеткасы, бельгиялық Элисе Мертенспен кездеседі.