Спорт • 03 Маусым, 2021

Алексей Луценко алдына жан салмады

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Astana Premier Tech» клубының велошабандозы Алексей Луценко Францияда өтіп жатқан «Критериум Дофине» көпкүндігінің төртінші кезеңінде топ жарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алексей Луценко алдына жан салмады

Қазақстандық спортшы Фирмини мен Рош-ла-Мольер өңірлері аралығын қамтыған 16,4 шақырымдық қашықтықты 21 минут 36 секундта жүріп өтті. Жерлесімізден небары сегіз секунд қалып қойған «Astana Premier Tech» клубының тағы бір мүшесі, испаниялық Йон Исагирре екінші орынды иеленсе, даниялық Каспер Асгрин («Deceuninck-QuickStep») үздік үштікті қорытындылады.

Осы жеңістен кейін Алексей Луценко жалпы есепте екінші орынға көтерілді. Ол тек «Bora–Hansgrohe» клубы сапында өнер көрсететін аустриялық велошабандоз Лукас Пёстльбергертен ғана қалып келеді. Ал Йон Исагирре төртінші орынға тұрақтады.