Аймақтар • 03 Маусым, 2021

Абақтыдан шыққандарға қақпа алдында кеңес берілді

476 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жаза басып, темір торға тоғытылғандар сот үкім еткен мерзімнен соң бостандыққа шықпай ма?! Жуықта Өскемендегі ОВ-156/1 мекемесінен босап шыққан азаматты жазасын Қылмыстық кодекстің 73 бабы бойынша неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру үшін «Қақпа алдында кездесу» жобасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абақтыдан шыққандарға қақпа алдында кеңес берілді

ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/1 мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған К.Е. Өскемен қаласының сотына ҚР ҚК 73 бабы бойынша өтініш жіберген болатын. Сотталғанның өтініші сот қаулысы бойынша қанағаттандырылып өтелмеген жазасы неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды.

8

Бүгін мекеменің тәрбие бөлімінің қызметкерлерімен «Қақпа алдында кездесу» жобасы ұйымдастырылды. Түзеу мекемесінен босап шыққан сотталғандарды әлеуметтік, бостандық тағы өмірге бейімдеу, бұл қылмыстық-атқару жүйесі органның ғана міндеті емес, сонымен қатар әлеуметтік емес ұйымдарымен, атқарушы органдармен пробация қызметкерлерінің көмегімен жасалатын жұмыс. Сол себепті, Жұмыспен қамту орталығының маманы және пробация қызметінің инспекторы келіп, сотталғанға босатылғаннан кейінгі сотталғанның тұрмыстық және жұмысқа орналасу жөніндегі құқықтары мен міндеттері, сонымен қатар азаматтың жүріп тұру тәртібі бойынша түсіндірме жүргізіліп, бағыт-бағдар берілді. Азаматты қақпа алдынан ұзақ уақыт бойы бостандықта сағына күтіп жүрген анасы мен бауыры асыға күтіп алды. Мекеме қызметкерлері ана мен бала, бауырлар арасындағы махаббатпен сағынышқа толы сезімге куә болып, бостандыққа  шыққан азаматқа сәттілік тілеп, отбасымен қауыштырды.