Қоғам • 03 Маусым, 2021

Алматы шетелдік блогерлерге 26 миллион теңге төлемек

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының Туристік ақпараттық орталығы шетелдік 20 блогерге бес күндік тур өткізбекші. Оған бюджет қаржысынан 26,7 миллионға жуық теңге бөлінеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы шетелдік блогерлерге 26 миллион теңге төлемек

Баспасөз-туры екі кезеңге бөлінген. Біріншісі биыл 2/3 тоқсанда, екіншісі 3/4 тоқсанда өткізіледі. Блогерлер Грузия, Армения, Беларусь, Ресей, Украина, Түркия, Корея, БАӘ және Гонконгтен шақырылады. Сондай-ақ бюджет есебінен олардың елге келу және кері қайту билеттері төленеді.

Блог-тур 40 елден келетін блогерлер мен миллионнан астам қаралым жинай алатын медиа-жеке тұлғаларды қамтиды, сонымен қатар 50 мың жазылушы аудиториясы бар микро-әсер етуші азаматтар шақырылады.

Департамент өкілдері шетелдік блогерлермен жұмыс жасау Қазақстан мен Алматыға келгісі келетін туристер ағынын көбейтеді деп үміттенеді.

Алматы қаласы бойынша шолу экскурсиясы мынадай:

-Қазақ халық музыкалық аспаптар музейі;

-Алматы музейі;

-28 Панфиловшылар паркі;

-«Көк-Төбе» паркі;

-Көк базар;

-«Сұңқар» трамплин кешені;

-«Гунны» этноауылы;

-Oi-Qaragai Lesnaya Skazka;

-Arba Wine жүзім алқабы;

-«Шарын шатқалы» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі;

-«Шымбұлақ» тау шаңғы курорты;

-Медеу мұз айдыны;

-Көлсай көлі.

Сондай-ақ қазақтың ұлттық тағамдарын дайындау бойынша мастер-класс өткізіліп, ұлттық киіммен фотосессия жасауға қолөнершілер шеберханасына жеткізіледі.

Ведомство өкілдері блог-тур Алматы облысы аумағы мен қаладағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып өткізілетінін айтты.