Экология • 03 Маусым, 2021

«Тәжірибесіз министр»: Кәсіби эколог Мырзағалиевтің жұмысын сынға алды

717 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мұндай пікірді Жаңа Экологиялық кодексті жазуға қатысқан Тәжірибешіл экологтар қауымдастығының төрайымы Лаура Алмасбекқызы «Азаттық рухы» сайтына берген сұхбаты барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Тәжірибесіз министр»: Кәсіби эколог Мырзағалиевтің жұмысын сынға алды

Сұхбат барысында Лаура Алмасбекқызы су ресурстарының тапшылығына қатысты мәселеге жеке тоқталған.

«Су жылдан жылға азайып бара жатқандықтан, министрлік күріш суару алқаптарын азайту ұсынысын айтты. Бірақ ол ұсынысты ақпараттық-ағарту жұмыстарынсыз жасады. Сол себепті, күріш егумен айналысатын диқандар қолдамай, қарсы шықты. Яғни, халықпен байланыс орнату жағынан адамның тәжірибесі болу керек. Өкінішке қарай, Мағзұм Маратұлының мұндай тәжірибесі жоқ», дейді Л. Алмасбекқызы.

Маман Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сүйене отырып, былтырмен салыстырғанда күріш суару ақаптары биыл аз болатынын жеткізді.