Індет құрсауы қысқаннан бері дәрігерлердің өмірі бейне бір майданның алғы шебіне ұқсап кеткендей. Әу баста Т.Рысқұлов көшесіндегі ғимарат балалардың инфекциялық ауруханасы болуға арналып салынған-ды. Ал пандемия басталғалы мұнда тек Сovid-19 инфекциясын жұқтырғандар емделіп жатыр.

Аурухана қызметкерлерінде еш тыным жоқ. Күнделікті дәрігерлердің тексеруі, кезекші дәрігердің қадағалауы, процедуралардың үзбей жүргізілуі, сатурация мен қан қысымы, дене қызуын өлшеу, күніне неше мезгіл тазалық жұмыстарының атқарылуы, толып жатқан талдамалар алу, өзге де аппараттық зерттеулер жүргізу – не керек, пациенттермен арадағы байланыста еш кідіріс болмайды. Оның үстіне жағдайына қарай бірде ана науқас, бірде мына науқасқа көмек қажет. Соның біріне де қабақ шытпастан, үстіндегі қорғаныш киімдерінің ыңғайсыздық туғызатынына қарамастан, зыр жүгірген үлкенді-кішілі медицина қызметкерлерінің ерлікке парапар ісіне риза боласың.
Осы аурухананың «Б» блогының да күнделікті тынымсыз өмірінің барлық бөлімдерден айырмасы болмағанымен, мұндағы дәрігерлер – бір шамадағы жап-жас қазақтың жігіттері. Олардың көп уақыты «қызыл аймақта» өтетін болғандықтан, әңгімелесу үшін аурулар тарихын толтырып, емделіп шыққандардың құжаттарын даярлайтын «таза аймақтағы» дәрігерлердің ординаторлық бөлмесіне өтуін тосуға тура келді.
– Жалпы жұртшылық аңғармағанымен, күнделікті бұл аурудың қай кезде өршіп, қай кезде бәсеңдейтінін осындағы қызметкерлер жақсы біледі. Мәселен, қалада шектеу мерзімі бәсеңдегенде, иә аяқталғанда немесе халық көп жиналатын мереке, ауызашар, айт болған соң 14 күннен кейін аурулар көптеп түсе бастайды. Біз әр мереке өткен сайын күндерді санап дайын отырамыз. Бұл – халықтың әлі де сақтанбайтынын, ауада тарайтын вирус бар екенін біле тұра маска тақпайтынын, қашықтықты есептемей, аралас-құраластықты үзбейтінін көрсетеді. Былайша айтқанда, маңайын да, өзін де аурудан сақтайын деген жауапкершіліктің кемшіндігінің көрінісі. Негізі Сovid-19 бұрыннан созылмалы, әсіресе қантты диабет-сусамыр, қан айналым жүйесінде аурулары бар адамдарда ауырырақ, түрлі асқынулармен өтеді. Ал созылмалы дертті жандардың көбі үлкен адамдар екені аян. Сондықтан кімнің бойында созылмалы ауруы болса сол жандар күнделікті тағайындалатын препараттарын ішіп, тобанаяқтанып қалмай белсенді түрде жүріп-тұруы, диетаны қадағалап, денсаулықтарын бақылауда ұстап отырғаны жөн. Әйтпегенде, ағзаға түскен вирус сол ауру бар жерді одан сайын қозғап, емді қиындататындар өте көп. Бізге сондай әр жанның емделіп шыққаны көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды. Сол күні жұмысыңа қанаттанасың, ал пациенттен айырылып қалу еңсеңді түсіреді, саған ғана емес, бүкіл әріптестеріңе әсер етеді, – дейді дәрігер Ерлік Серкеш.
Оның әңгімесін іліп әкеткен әріптесі Серік Көптібай мына бір жайтқа назар аударған.
– Вирус жұқтырып алғандар әдетте үйлерінде өз бетінше емдеуді бастайды. Халықтың арасында ауруды жеңу үшін тамырдан тамшылатып сұйықтық беру өте тиімді деген түсінік бар. Соны есепке алып, бас салып ерітінділер құйдыра бастайды. Ал оның зиян, қауіпті жағы бар. Өйткені вирус өкпені жайлағанда ол ісініп кетеді, өкпеге сұйықтық жиналып, өздігінен дем ала алмай, ақырында өкпені жасанды демалдыру құрылғысына қосуға тура келеді. Сондықтан оқырмандар егер КТ көрсетпесе, дене қызуы көтеріліп, талдамалар көрсетпесе, сұйықтық құйдыруға мүлдем болмайтынын ескерсе екен. Сосын тағы бір қауіпті нәрсе – ауру белгісі білінісімен антибиотиктер қабылдауды бастап жіберу ағзаның иммундық қабілетін төмендетіп, ауруға қарсы күресуін тежейді. Вирустық ауруға мұндай ем көмектеспейді, ал антибиотиктерді вирустық ауруға бактериалық флора қосымшалық жасағанда, түрлі зерттеулерге, клиникасына қарап, дозасын есептеп барып қолданамыз. Үйде емделгенде неғұрлым қымбат, қуатты дәріні алсақ, соншалықты тиімді деген қате түсініктен арылу қажет. Кім өзіне зиян келтірсін, осының барлығы білместіктен болып жатыр. Мәселен, вирусты пневмонияда тыныс алу жаттығулары көмектеседі деп ауру өте белсенді демігіп, оның үстіне қызуы көтеріліп, клиникалық белгілер өте айқын кезінде жасаған жаттығудың пайдасынан зияны көп. Сондықтан үйде емделіп жатқандар осыны жадында ұстауы керек, – дейді ол.
Мамандармен әңгімеден біраз жайтқа қанықтық. Мәселен, ауырып, емделген жанның бойында 14 күн мен 6 айдың ішінде антидене түзілуі жүреді екен. Сондықтан дәрігерлер жазылып шыққан соң да 14 күн мен 20 тәулік ішінде үйде оқшауланудың маңыздылығына тоқталды. Әйтпегенде аурудан әлсіреп, иммунитеті төмендеген адамның вирусты қайта жұқтыруы немесе өзге штамын іліктіріп алу қаупі өте жоғары көрінеді. 14-20 күн өткен соң антиденелер түзілу жүріп жатқанда сыртқа шығу – әр пациент үшін маңызды. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, Сovid-19-бен ауырып шыққандардың 70 пайызында 20-күннен бастап антидене түзілуі қарқын алады.
Әңгімеге дәрігер Мерей Рахымбаев қосылды. Оның айтуынша, КВИ жұқтырып, ол пневмонияға ұласқан адамдардың промпозицияны ұстауы, яғни етбетінен жатқаны жөн. Негізі өкпенің үлкен үлесі арқада. Ауа жеңіл болғандықтан етбетінен жатқанда өкпеде ауа алмасу үдерісі жақсарады, сол себептен де пациенттердің арқасынан ақырындап саусақтың ұшымен соғып қоямыз. Ол өкпедегі ауа алмасуға көмектеседі. Сондықтан бұлай жатудың пайдасы зор, шалқадан жатуға болмайды.
Мәселен, денеге қандай да жарақат түссе, орнында тыртық қалуы мүмкін, сол тәрізді өкпеде де фиброздар болуы ғажап емес, ал оған жібермеу үшін көп қозғалу, таңғы таза ауамен демалу маңызды. Қан айналымында кінарат болып, қоюланып, тромбоз түзілмеуі үшін қан сұйылтатын препараттарды алуды қаперде ұстамаса, вирус зардабы ауырырақ тиюі мүмкін. Ең бастысы – вакцина салдыру. Оның қажеттілігі сонда, түбінде қоғамдық иммунитетті, ауруға қоғам болып қарсы тұруға алып келеді. Себебі вакцина алған адамға вирус соқтыққанда, ол әрі қарай дамымайды, оның қорғаныш қабілеті, антиденелері оны елең етпейді де, вирустың таралуындағы тізбек үзіледі. Ал қоғамда сондай тізбек үзушілердің қатары көбейген сайын, ауру жеңіледі, өйткені таратушылар азаяды.
– Біздің бәріміз вакцина алдық, енді ел тұрғындары вакциналаудан өтіп, қалыпты тіршілікке көшсек дейміз. Біздің «қызыл аймаққа» күнделікті кіруіміздің өзі уақыт алады, қорғаныш киімдерді бір-бірімізге көмектесіп киінеміз, шыққан соң жуынамыз, ал қанша үйрендік десек те, пандемиямен күрестен шаршап кеттік. Қаншама адам көз жұмды. Әрбір жоғалтудан жүрегімізге қанша салмақ түсті? Оны тек бастан кешкендер ғана түсінеді. Ал пациент «Мен мына жалғаннан күдерімді үзіп, қоштасып қойған едім, сіздерге рақмет, Аллаға шүкір», деп көздеріне жас алғанын көргенде жеп-жеңіл болып ұшып кетердей күйге түсеміз. Құдайға тәуба, ондай жандар да көп. Бірақ ауру тыйылсыншы, «вакцина салдырыңыздар» деп қоймай жаза беріңіздерші, – дейді алғы шепте аурумен айқасқан абзал жандар.
Қазақстанда 89 мыңнан астам студент жатақханаға мұқтаж
Білім • Бүгін, 14:47
Докторанттар 195 мың теңге шәкіртақы алады
Білім • Бүгін, 14:42
Елордада аулада жүрген баланы көлік қағып кетті
Оқиға • Бүгін, 14:32
Студенттердің білімін бағалау тәсілі өзгереді
Білім • Бүгін, 14:20
Семейде екі баланы құтқарған адам суға батып кетті
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Елордада Astana Open турнирі өтеді
Теннис • Бүгін, 14:01
Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:49
Ауа райы • Бүгін, 13:33
Ғылым және жоғары білім вице-министрі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 13:17
Асхат Аймағамбетов баласының мектеп формасына қанша жұмсайды?
Қоғам • Бүгін, 13:02
Ұлттық қорға 3,4 трлн теңге түсті
Қаржы • Бүгін, 12:54
Қазақстандықтар жарты жылда 44,4 трлн теңгеге онлайн төлем жасаған
Қаржы • Бүгін, 12:44
Елімізде жылдық инфляция 15%-ға дейін өсті
Экономика • Бүгін, 12:33
Пәкістанда болған жол апатынан 20 адам қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 12:13
Елімізде 500-ге жуық шетелдік көлік заңсыз тіркелген
ANTIKOR • Бүгін, 11:57
Әлихан Смайылов дизель отынына қатысты мәселені шешуді тапсырды
Үкімет • Бүгін, 11:43
Үкімет басшысы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына баға берді
Үкімет • Бүгін, 11:36
Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың келесі кезеңіне өткен үміткерлер анықталды
Әдебиет • Бүгін, 11:23
Елордада тағы 7 автобустың бағыты өзгерді
Елорда • Бүгін, 11:15
Болат Ақшолақов дизель отынының лимиттерін атады
Қоғам • Бүгін, 11:07
Елордада мұқтаж азаматтар үйіне газ қосу үшін әлеуметтік көмек ала алады
Елорда • Бүгін, 10:55
Биыл 7,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
Қоғам • Бүгін, 10:47
Елордадағы мешітте ұрлық жасаған өзбекстандық ұсталды
Елорда • Бүгін, 10:39
Қазақстандық спортшылар Ислам ойындарында тағы 2 жүлде алды
Спорт • Бүгін, 10:30
Шымкентте 1 жасар бала тоққа түсіп қалды
Оқиға • Бүгін, 10:13
Армениядағы жарылыстан қаза тапқандар саны 11-ге жетті
Әлем • Бүгін, 10:08
Алматыдан 125 шақырым жерде жер сілкінді
Аймақтар • Бүгін, 10:00
Қазақстандықтар тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 09:52
16 тамызға арналған валюта бағамы
Экономика • Бүгін, 09:47
Елена Рыбакина Цинциннати турнирін сәтті бастады
Теннис • Бүгін, 09:42
16 тамызға арналға ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:38
Қазақстанда 9,5 миллионнан астам адам екпе салдырған
Коронавирус • Бүгін, 09:30
ХҚКО өкілдері мүгедектерге мемлекеттік баж салығын төлеткен
ANTIKOR • Бүгін, 09:22
Соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгердің сүйегі елге қайтарылды
Қоғам • Бүгін, 09:13
1453 адам коронавирустан жазылып шықты
Коронавирус • Бүгін, 09:06
Өткен тәулікте 789 қазақстандық індет жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:00
Ұлттық спорт • Бүгін, 08:43
Спорт • Бүгін, 08:42
Спорт • Бүгін, 08:40
Цинциннатидегі турнир басталды
Спорт • Бүгін, 08:38
Ұқсас жаңалықтар