Аймақтар • 04 Маусым, 2021

Алматы маңында жер сілкінді

126 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдан 275 шақырым қашықтықта жер сілкінді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы маңында жер сілкінді

ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесінің хабарлауынша, зілзала ошағы Алматы қаласынан 275 шақырым қашықтықта тіркелген.

4 маусым күні Алматы уақытымен 06 сағат 12 минут 10 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-шығысқа  қарай 275 шақырым жерде қырғыз-қытай шекарасында орналасты.

Магнитудасы: 3.7

Кіндігі: 5 шақырым