Оқиға • 04 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда тапсырмалары өлімге апаратын ойын пайда болды - журналист

483 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Желіде «өлімге апаратын» ойын пайда болды деген күдік бар, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда  тапсырмалары өлімге апаратын ойын пайда болды - журналист

Бұл туралы Журналист Михаил Козачков өзінің Telegram арнасында жазды. Сондай-ақ, ол қайғылы оқиға «Астана Триумфы» тұрғын үй кешенінде болған деген болжаммен видео тіркеді.

Елордада «Көк кит» сияқты жасөспірімдерге арналған жаңа ойынның пайда болуы туралы жағымсыз қауесеттер бар. Яғни, сіз деңгейді көтеру үшін тапсырмаларды орындауыңыз керек, бұндай ойындарда тіпті ойыншыға өзіне-өзі қол жұмсауға деген нұсқаулықтар да берілуі мүмкін», дейді журналист.

29 мамыр күні, сағат 23:18-де Есіл аудандық Полиция департаментінің кезекші бөліміне Қабанбай батыр даңғылының бойында 20-шы қабаттың балконынан кәмелетке толмаған бала құлады деген ақпарат түскен.

«Жасөспірім алынған жарақаттарының салдарынан сол жерде қайтыс болды. Қайғылы оқиға болған кезде баланың анасы үйде болғаны анықталды. Тәркіленген компьютерді зерттеу кезінде баланың өз-өзіне қол жұмсау сипатындағы сайттар мен ойындарға тіркелуі анықталмаған. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр», деп хабарлады құзырлы орган өкілдері.