Қазақстан • 04 Маусым, 2021

Енді елімізде «Малшылар күні» атап өтіледі

1229 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылдан бастап маусым айының екінші жексенбісі «Малшылар мерекесі» атап өтіледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді елімізде «Малшылар күні» атап өтіледі

«Shopan ata» Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының төрағасы Алмасбек Садырбаевтың бастамасымен өткен жылдың соңында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ашық хат жолданып, соның нәтижесінде жуырда ғана маусым айының екінші жексенбісі ресми түрде «Малшылар күні» деп бекітілді.

«Малшылар мейрамы - бұл шаруа адамдарының мерейін көтеруді көздейтін, олардың бірлігін нығайтып, Қазақстандағы мал шаруашылығының даму тетіктерін іздеп табудың жолдарын реттейді. Елімізде ғылымға негізделген мал шаруалышығының дамуына атсалысады»  дейді қауымдастық төрағасы Алмасбек Жұмабекұлы аталмыш мейрам туралы.

Пандемия жағдайына байланысты биылғы малшылар мейрамының іс-шараларының басым көпшілігі онлайн форматта өтеді деп жоспарлануда. Мейрам аясында қалың көпшілікті ынталандыру мақсатында «Ең жайлы қора», «Жазда апамның ауылында» сынды байқаулар әлеуметтік желілерде жүріп жатыр. 

Малшылар мейрамының ресми шаралары 7-13 маусым аралығында өтеді. Жоспарда шаруа қауымды, үздік шопандарды марапаттау, шетелдік және отандық мамандардың ғылыми-тәжірибелік семинарлары, мал шаруашылығы саласы туралы халықты ақпараттандырып жүрген БАҚ өкілдерін марапаттау, онлайн-концерт сынды шаралар бар.