Оқиға • 04 Маусым, 2021

Бельгия Ботаникалық баққа «Смурфиктерді» сыйға тартты

454 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бельгия мемлекеті Алматыдағы Ботаникалық баққа «Смурфиктерді» сыйға тартып отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бельгия Ботаникалық баққа «Смурфиктерді» сыйға тартты

Смурфиктер бейнеленген мүсін бұл баққа Бельгия Корольдігінің Елшісі Барон Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаелдің бастамасымен орнатылды.

Смурфиктер құбылыс ретінде Бельгияда 1958 жылы пайда болған. Ақ киім киген көк түсті осынаукішкентай тіршілік иелерін балалардың кем дегенде үш буыны жақсы көріп, әлемде 300 миллионнан астам смурфик сатылады. Бельгиялық суретші Пьер Кюллифором ойлап тапқан, суреттерін өзі салғансмурфиктерПейо атты бүркеншік атпен жұмыс істейтін орман тұрғындары. Смурфиктер бүкіл әлемдегі теңдік пен жақсылықтың, сондай-ақ терең отбасылық байланыстың нышаны іспетті.

Өткен жылы қазан айында Алматы қаласының Ботаникалық бағында «Бейбітшілік Аллеясы» экологиялық жобасының мұрындық болуымен көшеттер отырғызылған еді. Біріккен Ұлттар Ұйымының 75 жылдығына арналған іс-шараға Алматыда тіркелген дипломатиялық корпус пен халықаралық ұйымдардың 40-тан астам өкілі қатысқан болатын.

Өз кезегінде «Бейбітшілік Аллеясын» құруға Бельгия Корольдігі де үлесін қосып, Бельгия Корольдігінің Елшісі Барон Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаелдің бастамасымен Смурфиктер бейнеленген мүсін салтанатты түрде ашылды.

Мүсін өз еліміздегі Күрті мраморынан жасалған, қас бетінде жезден жасалған Смурфиктер бейнеленген. Бұл бастамаға кәдесыйлар мен қадірлі-тауарлар, сондай-ақ кішігірім формадағы арнайы сәулет нысандарын шығаруға маманданғанжергілікті Kaz Souvenir TRADE компаниясы мердігер болды.

Қазіргі уақытта смурфик-кейіпкерлер тауар мен қызметтің 3000-нан астам түрінде ұсынылған.

Инсталляцияның ашылу рәсімінде Елші Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаель Бельгия менҚазақстан арасындағы достық қарым-қатынас өте жоғары дейгейде екенін атап өтті.

Алекси де Кромбрюгхе де Пикендаелдің айтуынша, оның Қазақстандағы Елші болған кезіндегі басты жетістіктердің бірі Бельгиядағы қазақстандық студенттер саны 20-дан 200-ге дейін өскен.

Елші екі ел арасындағы сауда да, инвестиция да одан әрі дамуға лайықты екенін атай отырып: «Пандемия Бельгия компанияларының жылдық сауда-экономикалық миссияларын тоқтатты. Жақын арада бұл миссиялар қайта жанданады деп үміттенемін. Бельгия-Қазақстан сауда айналымы әдетте 500 миллион еуроны құрайтын, ал пандемия кезінде ол тұрақты да теңдестірілген күйде қалып қойды», деді.

Бельгияның Қазақстандағы Елшілігі мен Валлон Экспорт және Инвестициялар Агенттігінің (AWEX) сауда-экономикалық кеңесшісі Айжан Мұсақанова «Бейбітшілік Аллеясына» смурфиктер қондырғысынан бөлек, Бельгиядан әкелінген 8 әк ағашын сатып алып, отырғызуды ұсынды. Бельгияда линден дәстүрлі түрде ауыл немесе қала жүрегін бейнелейтіндіктен, ол негізінен орталық алаңдарға отырғызылады.