3 маусым күні Балқаш қаласында үлкендердің қарауынсыз қалған 2019 жылы туған бала абайсызда 5-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Сәби дереу ауруханаға жеткізілді.
«Жағдайы өте ауыр. Комада жатыр. Гемодинамикасы тұрақсыз. Жабық бас сүйек ми жарақатын алған. Ми діңі көгерген. Көптеген абразиялар, гематомалар дене және аяқ-қол жарақаты бар», деп хабарлады Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.