Аймақтар • 04 Маусым, 2021

Атырауда дәмханалардың жұмыс кестесі өзгерді

266 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстың бас санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда дәмханалардың жұмыс кестесі өзгерді

Қаулы бойынша, дәмханалар мен мейрамханалардың түн ортасына дейін жұмыс істеуіне рұқсат берілді.

«Қоғамдық тамақтану объектілеріне, оның ішінде жазғы алаңқайларда сағат 07.00-ден 24.00-ге дейін (ұжымдық іс-шаралар өткізбей, 50-ден аспайтын отыратын орын орнатып, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр сақталуын, бір үстелде 4 адамнан артық отырғызбауды қамтамасыз етіпжұмыс жасауға рұқсат етіледі», делінген қаулыда.

Қаулыда сауналардың жексенбіде жұмыс істеуіне тыйым салынып отыр. Алаңдарда, парктер мен скверлерде, жағалауларда балалар мен ересектерге арналған жылжымалы ойын құралдарын жалға берудің, уақытша бөлшек сауданың орналасу орны мен жұмыс кестесі жергілікті атқарушы органдармен келісу бойынша анықталады.

Жаңа қаулы бүгін, 4 маусымда сағат 00:00-ден бастап заңды күшіне енді.