Аймақтар • 04 Маусым, 2021

Алматыда ағаштан секірмек болған мас адамды полицейлер құтқарды

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда ағаштан секірмек болған мас адамды полицейлер құтқарды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматыда ағаштан секірмек болған мас адамды полицейлер құтқарды

3 маусымда Әуезов аудандық ПБ-ның кезекші бөліміне белгісіз ер адам алкогольдік мас күйінде 3-ші ықшам ауданның №20 үйдің жанында жүргені туралы қоңырау келіп түсті.

– Оқиға орнынан кеткен учаскелік инспекторлар ақпаратты растады. Шындығында, ер адам жүрген жоқ, ағашта отырды. Оның жеке басы бірден анықталды – 1972 жылы туған Б.есімді азамат. Мас адам бірнеше рет төмен қарай құлауға тырысты. Өтіп бара жатқан адамдар оны мұндай әрекет жасамауға көндіруге тырысқан кезде учаскелік инспектор Әділет Шегебаев формалық көйлегін шешіп, ағашқа өрмелеп шығып, өз-өзіне қол жұмсауға тырысқан адамға тосқауыл қойды. Төменгі жақта адамның өміріне бейжай қарамайтын азаматтар тентті созып, адамды ұстауға дайын тұрды, - деді Әуезов аудандық ПБ бастығы Ұлан Әбілхайыр.

Зардап шеккендер болған жоқ. Полиция ер адамды сот-наркологиялық сараптамаға ертіп барды, онда оның мас болу фактісі ресми түрде расталды. Содан кейін құқық бұзушы полицияға жеткізілді, ол жерде оның осы әрекетінің себебі белгілі болады.