Оқиға • 04 Маусым, 2021

Алматы жолындағы жанжал атыспен аяқталды

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түрксіб ауданында жолда екі ер адам арасында жанжал шығып, біреуі бұрышпен оқталған сигналдық тапаншаны қолданды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы жолындағы жанжал атыспен аяқталды

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, «BMW» көлігінің жүргізушісі мен «Hyundai» автокөлігінің жолаушысы арасындағы жанжал Бекмаханов-Спасская көшелерінің қиылысында болды.

«Жанжал кезінде «BMW» жүргізушісі тапаншаны алып, қарсыласына оқ атты. Мейлі, ол бұрышпен оқталған болса да, оқ атқан адамның әрекеті бұзақылық деп есептеледі. Яғни, ҚР ҚК-нің 293-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағына жатады. Мұндай әрекет үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін», деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының өкілі Мақсат Қанапьяев.

Жедел-іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол - 1993 жылы туған Б. есімді азамат.

Сигналдық тапанша тәркіленді және қылмыстық іс материалдарына енгізілді