Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Қадіржан Оразғалиевтың айтуынша, кәсіпкерлік нысандарының иелері «Ashyq» қосымшасына қатысуға 314 өтініш беріпті.
«Қазір жобаға 196 нысан қосылып, 264-і QR код алды. Ал, 68 нысан сынақ режимінде жұмыс істеуді бастады. Карантиндік шектеу шараларын бірнеше рет бұзған 3 кәсіпкерлік нысаны жобадан 2 аптаға шеттетілді. QR код арқылы «қызыл» санаттағы 20 азамат анықталды. Бұлар – коронавирус инфекциясымен келушілер. Сондай-ақ, қауіпті вирусқа шалдыққан науқастармен байланыста болған «сары» санаттағы 21 азаматқа түсіндіру жұмысы жүргізілді», дейді Қадіржан Оразғалиев.