Оқиға • 05 Маусым, 2021

Алаяққа алданған азамат 2,6 млн теңгесінен айырылып қалды

440 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкентте алаяққа алданған тұрғын 2,6 млн теңгесінен айырылып қалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алаяққа алданған азамат 2,6 млн теңгесінен айырылып қалды

2021 жылдың 2 маусымында Шымкент қаласы Полиция департаменті Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының «102» сымтетігіне қала тұрғыны арызданған. Ол өз арызында белгісіз адам салған ақшасын «Он пайызға» көбейтіп беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 2 600 000 теңге ақшасын есеп шотына аударып алғанын және осы күнге дейін кері қайтармай, қашып жүргенін көрсеткен.

Шымкент қаласы ПД Әл-Фараби аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті тұрғынды анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.