Спорт • 06 Маусым, 2021

Жеңіл атлетикадан өтетін Қазақстан чемпионатының уақыты өзгерді

741 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы жасөспірімдер арасындағы ел біріншілігі өтетін уақытты жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеңіл атлетикадан өтетін Қазақстан чемпионатының уақыты өзгерді


Аталған чемпионат 2-4 шілде аралығында жоспарланған болатын. Алайда, осы уақыт аралығында ұлттық құрама Алматыдағы Орталық стадионда дайындалады. Коронавирустық инфекцияның таралу қаупін барынша азайту үшін спорт шараларын дәл қазір өткізбеу туралы шешім қабылданды.

Өзгеріс бойынша, ел біріншілігі 28-30 маусым аралығында өтеді. Бұл ұлдар мен қыздар арасындағы ел чемпионатына қатысты болмақ.