Қаржы • 07 Маусым, 2021

Қаржы орталығына – 800-ші компания

16 рет көрсетілді

«Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жө­нін­дегі комитеті кезекті компанияны тір­кеп, осылайша қатысушылардың саны 800-ге жетті. Бұл туралы аталған қаржы орта­лығының баспасөз қызметі хабарлады.

Комитет өкілдерінің айтуынша, АХҚО қыз­ме­тіне қызығушылық артып, қатысушылардың саны ұлғайып келеді. Қазір мұнда 53 елдің компания­лары тіркелді. Олардың қатарында Қазақстан, Ұлыбритания, АҚШ, ҚХР, РФ, Эстония, Латвия, Италия, Финляндия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Үндістан, БАӘ, Түркия және басқа да мемлекеттердің коммерциялық ұйымдары бар. Аталған компаниялар банк, сақтандыру, қор нарығы, активтерді басқару, жеке банкинг, исламдық қаржыландыру, кредиттік рейтингтер, заңгерлік кеңес беру, бухгалтерлік есеп, холдингтік компаниялар қызметтері және басқа да көптеген салада қызмет түрлерін ұсынып келеді.

«Тағы бір жетістігімізді, атап айтқанда қа­тысушы компаниялардың саны 800-ге жеткенін қуанышпен хабарлаймыз. АХҚО-да жұмыс істеуге шешім қабылдаған компаниялар оның артықшылықтарын, нақты айтсақ ағылшын құқығы мен салықтық жеңілдіктерді, сондай-ақ шетелдік инвесторларды қорғау тетігін қолданып, өз бизнесін дамытуға ұмтылады. Іскерлік белсен­ділік пен өңірге инвестиция тартуға арналған инфра­құрылымды дамытуға байланысты жұмыс­ты жалғастырып, қарқынымызды күшейте түсе­міз», деді АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді рет­теу жөніндегі комитетінің бас директоры Мұхтар Бөбеев.

Былтырдан бері бұл комитет тіркеу рәсімдерін толы­ғымен цифрландырды. Бұл тіркеу процесін орта­ша есеппен 3-5 күннен 1 күнге дейін қыс­қар­туға мүмкіндік берді. Тіркеу рәсімдерімен бірге кейбір реттелетін қызмет түрлерін лицензиялау барысы, қаржы-технологиялық компанияларды аккредиттеу және лицензиялау рәсімдері цифр­ландырылды.

Еске сала кетейік, Қаржылық қызметтер көрсе­ту­ді реттеу жөніндегі комитет (AFSA) – Астана халықаралық қаржы орталығында қаржы­лық қызметтерді және онымен байланысты қызметті бақылау мақсатында құрылған тәуелсіз реттеуші саналады. АХҚО ережелері қаржы компаниялары мен нарық институттарын лицензиялауды, тіркеуді, аккредиттеуді және қадағалауды қамтамасыз етеді.

Соңғы жаңалықтар

«Шыңырау» шыңға шықсын

Өнер • Бүгін, 00:18

Тың тәсілдердің тиімді тұсы көп

Медицина • Бүгін, 00:14

Чилидің Шолпан жұлдызы

Әдебиет • Кеше

Паспорт

Руханият • Кеше

Жеке пьеса жазуға лайық

Руханият • Кеше

Ана мейірімі

Қоғам • Кеше

Доллар арзандады

Қаржы • Кеше

Ұқсас жаңалықтар