Коронавирус • 07 Маусым, 2021

Қазақстанда 3,4 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

188 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирустан 3 435 240 адам егілді, деп хабарлайды Egemen.kz Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстанда 3,4 млн адам коронавирусқа қарсы вакцина алды

7 маусымдағы мәлімет бойынша, елімізде вакцинаның I компонентімен 2 247 776 адам егілсе, II компонентті 1 187 464 адам салдырған.

Тұрғындарды коронавирусқа қарсы егуде Алматы қаласы көш бастап тұр - 208 162 адам. Екінші орында Алматы облысы орналасқан – 138 997 адам. Қарағанды облысы – үшінші (112 483), Нұр-Сұлтан қаласы – төртінші (106 527) және Шымкент қаласы бесінші (93 227) орында келеді.