Әлем • 07 Маусым, 2021

Айыппұлы төленбеген қазақстандық жүк көліктері Ресейден шығарылмайды

185 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді шетелдік жүк көліктері мен автобус иелері барлық айыппұлдарын төлемейінше Ресейден шыға алмайтын болады, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Айыппұлы төленбеген қазақстандық жүк көліктері Ресейден шығарылмайды

Бұл шаралар «Халықаралық автомобиль тасымалдарының жүзеге асырылуын мемлекеттік бақылау туралы және олардың орындалу тәртібін бұзғаны үшін жауапкершілік туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес 7 маусымда күшіне енеді. 

«Егер тасымалдаушы кедендік бақылау процедурасы кезінде айыппұлды төлеуге уақыты болмаса, көлігін кедендік бақылау пунктінің аумағынан алыстату қажет болады», делінген мәліметте.

Айта кетейік, бұл шаралар Ресей Федерациясының аумағына кірген кезде де қолданылады.