Бұл туралы Қазақстан аумағында коронавирусты таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның хаттамасында жазылды.
7 маусымнан бастап Өзбекстанмен Ақтау - Нүкіс және Алматы - Наманган бағыттарына әр тараптан аптасына екі рейс жиілікпен тұрақты рейстер ашуға рұқсат етілді.
Халықаралық рейстерді SCAT әуекомпаниясы орындайды:
Нүкіс - Ақтөбе - Мәскеу, аптасына екі рейс;
Самарқан - Ақтөбе - Санкт-Петербург, аптасына екі рейс.
Бұған дейін SCAT әуекомпаниясы Ақтау - Үргенш рейсін іске қосқан болатын. 8 маусымнан бастап «Эйр Астана» мен Uzbekistan Airways әуекомпаниялары Алматы - Самарқанд рейсін аптасына 4 рет жиілікпен орындайды.