Өнер • 07 Маусым, 2021

Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері пайда болды

461 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда  әкімдігі Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздерін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Батырхан Шүкенов ескерткішінің жаңа эскиздері пайда болды

Атақты музыкантқа арналған ескерткіштің үздік эскизіне байқау маусымның соңына дейін ұзартылғаны атап өтілді.

«Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасына - төменгі бұрышындағы оң жақта тұрған «Кері байланыс» батырмасына, сондай-ақ [email protected] поштасына жіберуге болады. Байқауға ниет білдірген кез келген адам қатыса алады», деді елорда әкімдігіндегілер.

Әнші, композитор Батырхан Шүкеновтің құрметіне ескерткіш қалалық саябақта орнатылады. Жоба демеушілер қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Бұған дейін әнші ескерткішінің алғашқы эскиздері пайда болған.